Техникалық байқау – бұл көлік құралдарының жол қозғалысына қатысуына рұқсат беру мақсатында автокөлік құралдарының, оның ішінде олардың бөліктерінің, қосымша жабдық заттарының техникалық жай-күйін көлік құралдары қауіпсіздігінің міндетті талаптарына сәйкестігін тексеру.

Филиал заманауи жабдықтармен және білікті қызметкерлермен қамтамасыз етілген, бұл автокөліктің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ете отырып, қысқа мерзімде автокөлікті міндетті техникалық байқаудан өткізуге мүмкіндік береді. Техникалық байқау өтінімдер бойынша көлік орналасқан жерлерде жүргізілуі мүмкін.