Филиалдың нормативтік құжаттарының анықтамалық – ақпараттық қоры өзекті нұсқалармен жинақталған:
- Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттары (ҚР СТ);
- аймақтық (мемлекетаралық) стандарттар (МЕМСТ);
- Қазақстан Республикасының ережелері мен ұсынымдары (ҚР ЕҰ, ҚР);
- халықаралық стандарттармен (ISO, IEC);
- РФ және РБ ұлттық стандарттарымен (МЕМСТ Р, СТБ);
- метрология жөніндегі нормативтік құжаттармен;
- Кеден одағының құжаттарымен.
Мамандар келесі қызметтерді тез және сапалы көрсетеді:
- стандарттау, метрология және сертификаттау (сәйкестікті растау) саласындағы жұмыстарды ақпараттық сүйемелдеу;стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды өзектендіру;
- стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың мәтіндерін аудару жөніндегі жұмыстар;
- ұйымдардың стандарттарын (СТ) бекіту алдында әзірлеу және/немесе тексеру;
- өнімге каталог парақтарын (ӨКП)жасау және/немесе тексеру;
- өнертабыстарға, өнеркәсіптік үлгілерге, пайдалы модельдерге, тауар белгілеріне қорғау құжаттарын алуға арналған құжаттаманы дайындау бойынша жұмыстар;
- кәсіпорындарды “Қазақстанның үздік тауары” өңірлік және республикалық көрме-конкурсына қатысуға және Қазақстан Республикасы Президентінің “Алтын сапа” сыйлығын алуға дайындау;
- кәсіпорындарды бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі “Парыз” конкурсына қатысуға дайындау;
- түптеу жұмыстары, көшірме жасау.