Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мамандар өлшем құралдарын тексеру, бақылау-өлшеу құралдарына техникалық қызмет көрсету, баптау, реттеу және калибрлеу, аттестаттау бағдарламаларын әзірлеу және сынақ жабдықтарын аттестаттауды жүргізу, метрология, өлшем жай-күйін бағалау бойынша әртүрлі есептер, өлшем құралдарын тізілімге енгізу туралы ақпарат беру бойынша қызметтер көрсетеді.
Филиалдың метрологиялық қызметінде өлшемдердің келесі түрлері бойынша заманауи эталондық жабдықтары бар мамандандырылған зертханалар бар:
- геометриялық шамаларды өлшеу;
- массаны өлшеу;
- күш пен қаттылықты өлшеу;
- қозғалыс параметрлерін өлшеу;
- сұйықтық пен газдың шығыны мен мөлшерін өлшеу;
- қысым мен вакуумды өлшеу;
- электр шамаларын өлшеу;
- уақыт пен жиілікті өлшеу;
- радиотехникалық өлшеулер;
- тығыздық пен тұтқырлықты өлшеу;
- физикалық-химиялық өлшемдер;
- жылуфизикалық және температуралық өлшемдер;
- оптикалық-физикалық өлшемдер;
- радиотехникалық өлшеулер.